Президент Ердоған 3-ші Туризм Кеңесі жиналысына қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған Бештепе Миллет мәдениет және конгресс орталығында 3-ші Туризм Кеңесі жиналысына қатысты.

838593
Президент Ердоған 3-ші Туризм Кеңесі жиналысына қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияға келген орыс туристтердің санының 3,5 миллионға жақындағанына назар аударып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ең жоғары сатыда екенін атап көрсетті.

Ердоған Анкарада Бештепе Миллет мәдениет және конгресс орталығында ұйымдастырылған 3-ші Туризм Кеңесі жиналысына қатысты.

Жиналыста жасаған баяндамасында туризмде Түркияның өте бай бір тәжірибеге ие екенін атап көрсеткен Ердоған «Есігіне келген қонаққа алакөзімен қарайтын бір ұлт емеспіз. Елімізге келген туристке аралаған базардан, сатып алған әшекей бұйымдарынан гөрі түрік салтын дәстүрін ұсынамыз» деді.

Түркияның соңғы жылдары әр салада жетілгенін, бұл себепті әртүрлі теріс үгіт-насихат жүргізілгенін атап айтқан Ердоған «Түркия соңғы бірнеше жылдан бері экономикалық шабуылдарға ұшырауда. Несие бағалау мекемелерінің саяси жаман ниетті бағалауын енді ешкім назарға алмайды. Біз жұмысымызбен шұғылданамыз. Бүкіл әлемге шындықты көрсетудің талпынысымен жүреміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар