Ердоған мен Анджей Дуда кездесті

Президент Ердоған ресми сапармен Польшаға барды.

828850
Ердоған мен Анджей Дуда кездесті

Президент Ердоған ресми сапармен Польшаға барды.

Президент Ердоған мен әріптесі Дуда екі жақты кездесулер өткізді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Польша Президенті Анджей Дуданың шақыруымен осы елге сапарлай барды.

Президент Ердоған мен әріптесі Дуда екі жақты кездесулер өткізді.

Кездесуден кейін екі лидер ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Түркия-Еуропа Одағы қарым-қатынастарына тоқталған Ердоған Түркияның 63 жылдан бері Еуропа Одағына алынбағанын еске салып, «Бізден кейін өтініш берген процесте алынған елдердің бізбен салыстыратын жағы жоқ. Шарттарды арттыру арқылы  Түркияның Еуропа Одағына кіруіне кедергі жасау. Егер алайтын болсаңыздар жариялаңыздар» деді.

Ердоған Шенген тақырыбында болса «Латын Америка елдері үшін виза жоқ. Түркия келіссөз жүргізген ел, бірақ Түркия бара алмауда. Бұл қандай жағдай?» деді.

Босқындар тақырыбына да тоқталған Президент Ердоған Түркияның  3.5 миллионға тарта адамды күтіп алғанын және осы таңға дейін 30 миллиард доллардан астам ақша жұмсағанын еске салды.

Польша Президенті Анджей Дуда болса Түркияның бір күні Еуропа Одағы мүшесі болатынын тілегенін айтты.

Ердоған Польша премьер-министрі Беата Шидломен қатар Польша парламентінің екі канатын құраған сенат және мәжіліс төрағасымен де кездесті.

Түркия 600 жылдық тарихи достық қарым-қатынастарға ие және 2009 жылы осы қарым-қатынастары стратегиялық деңгейге көтерілген одақтасы Польшамен ынтымақтастықты әр салада дамытуды көздеуде.



Ұқсас жаңалықтар