Ертең Путин келеді
Ресей президенті Владимир Путин ертең жұмыс сапармен Түркияға келеді.
815174
![Ертең Путин келеді](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/847d/eba2/4597/59c3a0a50ecef.jpg?time=1719215893)
Ресей президенті Владимир Путин жұмыс сапармен ертең Түркияға келеді.
Владимир Путин бас қала Анкарада президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездеседі.
Путиннің сапары барысында Ресей, Түркия және Иран бірігіп Сирияда қалыптастырған қақтығыссыз аймақтардағы соңғы жағдай қолға алынады.
Кездесуде Ирактың солтүстігінде дүйсенбі күні болған заңсыз референдум да күн тәртібіне келеді. Түркияның Ресейден алатын S-400 зымыран жүйесі де талқыланатын маңызды тақырыптар арасында.
Ұқсас жаңалықтар
![Ирактың солтүстігінде PKK-лық 4 террорист залалсыздандырылды](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/0f58/61b4/d37d/5f800345c2e8d.jpg?time=1719215894)
Ирактың солтүстігінде PKK-лық 4 террорист залалсыздандырылды
Ұлттық Қорғаныс министрлігі әуе операциясы туралы мәлімдеме жасады.