Президент Ердоғанның кездесулері жалғасуда

Президент Режеп Тайып Ердоған Нью-Йоркта екі жақты кездесулер өткізуде.

810589
Президент Ердоғанның кездесулері жалғасуда

Президент Режеп Тайып Ердоған Нью-Йоркта екі жақты кездесулер өткізуде.

Ердоған БҰҰ ғимаратында лидерлердің кездесулері үшін бөлінген бөлімде алдымен Франция президенті Эммануэль Макронмен бас қосты.

Президент Ердоған артынан Пәкістан премьер-министрі Шахид Хакан Аббаси және Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэйді қабылдады.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен де оңаша кездесу өткізген Ердоған артынан делегация басшылары құрметіне берілген қонақасына қатысты.



Ұқсас жаңалықтар