Президент Ердоған Иорданияға аттанды

Ердоған ресми сапармен Иорданияға аттанбастың алдында Стамбұл әуе жайында мәлімдеме жасады.

793803
Президент Ердоған Иорданияға аттанды

Президент Режеп Тайып Ердоған мұсылмандардың Иерусалим тақырыбында толық бір ынтымақтастық жүргізу керектігін атап көрсетті.

Президент Ердоған «Иорданияның Иерусалимдегі киелі жайлардың қорғалуы жайлы рөлі біз үшін маңызды. Иордания мен Әл-Харам мешітінде өткен айда болған оқиғалар аясында маңызды бір келіссөз жасадық. Осы оқиғалар, шабуыл мен құқық бұзушылықтардың қайталануын қаламаймыз. Осы үшін де мұсылмандар Иерусалим тақырыбында толық бір ынтымақтастық ортаға қою керек» деді.

Ердоған Иордания королі Абдуллахпен алдағы кезеңде Палестинаға берілетін қолдаудың да қолға алынатынын атап көрсетті.

Фетуллахшы террор ұйымы мемлекеттік құрылымының (FETÖ/PDY) 2016 жылы 15 шілде күнгі табыссыз аяқталған төңкеріс әрекетінің артынан Иорданияның Түркияға берген қолдауын ұмытпағандарын атап көрсеткен Ердоған бұл сапар арқылы лауазымдыларға алғысын жеткізетіндерін атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар