Төтенше жағдай мерзімі күн тәртіпте

Төтенше жағдай тәртібі мерзімі 19 шілде күні толады.

770710
Төтенше жағдай мерзімі күн тәртіпте

Төтенше жағдай тәртібі мерзімі 19 шілде күні толады.

Премьер-министр Бинали Йылдырым үкіметтің төтенше жағдай тәртібі мерзімінің ұзартылуы жөнінде Ұлттық қауіпсіздік кеңесіне ұсыныс беретінін жариялады.

Чанкая сарайында медиа өкілдерімен бас қосқан премьер-министр Бинали Йылдырым төтенше жағдай тәртібінің атқарылуымен байланысты «Төтенше жағдай тәртібі мерзімі 19 шілде күні толады. Мерзімнің ұзартылуы үшін Ұлттық қауіпсіздік кеңесіне ұсыныс береміз» деді.

Премьер-министр Йылдырым Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің бір жылдығына байланысты Америка Құрама Штаттары және кейбір Еуропа елдерінде еске алыну іс-шараларында ұстанған тұрығының қабылдауға болмайтынын айтты.

Премьер-министр «Бір жағынан еркіндік елміз дейсіз, бір жағынан адам құқықтары және еркіндіктері жөнінде Түркияны үнемі сынға тарта тартасыз, ал енді бір жағынан да бір елдің болашағын жоюға тырысқан төңкеріс әрекетіне қарсы жасалған шараларға кедергі жасайсыз, бұл не деген екі беткейлік әрекет» деді.

Йлдырым «Шейіттерімізге лайықты болу үшін Түркия және әлемде тоқтамастан жұмыстанамыз. Енді жаңа кезеңдеміз.  Осы кезеңде мемлекеттің иесі--ұлт. Түркияны басып алуды армандағандар ертең өз күнәларымен жанады» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар