Түркия энергияның Жібек Жолы

Президент Ердоған Бүкіләлемдік мұнай конгресіне келушілерге үн қатты.

767891
Түркия энергияның Жібек Жолы

Президент Ердоған Стамбұл Конгресс Орталығында ұйымдастырылған Бүкіләлемдік Мұнай конгресінде жасаған баяндамасында соңғы 1-1,5 ғасырдан бері мықты ел болудың жолының энергия резервтеріне немесе осылар жайлы сөз сөйлеу құқығына ие болудан өткенін атап көрсетті.

Ердоған «Осылармен бірге жаһандық қақтығыстардың орталығында орын алған энергия резервтері мен бағыты үстінде билік орнату талпыныстарының көбінесе ішкі қақтығыстар, төңкерістер және басқыншылықтармен нәтижеленгенін байқаймыз. Табылған аймақтарда байлық пен тыныштықтың көзі болуға тиісті мұнай мен табиғи газды өкінішке орай одан көп соғыс, қан және көзжасымен бірге еске алуға мәжбүр болдық. Біз Түркия ретінде әу бастан бұл резервтердің адамзаттың тыныштығы мен салауатты өмір салтын арттыруға үлес қосатындай қолданылу керектігін алға тартамыз» деді.

Барлық бұл жұмыстар арқылы өркениеттердің тоғысқан жері ретінде энергия мамандарының Түркияны «Энергияның Жібек Жолы» деп аталғанын атап көрсеткен Ердоған «Еліміз қолдағы мүмкіншіліктерімен энергияның күйреуге, дағдарысқа және дау-дамайға емес, бейбітшілік пен тыныштық көзінен айналуы үшін талпынады» деді.

Президент Ердоған «Түркиядағы өсу процесінің жалғасуы үшін энергияда сыртқа бағыныштылықтың азайтылуы және отандық резервтердің ұтымды қолданылуы шарт. Алдағы 10 жылдың ішінде екі есе артатын энергия сұранысын қамтамасыз етуіміздің жолы 2023 жылына дейін 50 мың мегаваттық қосымша құрылған күшті жүйеге қосуымыз керек. Бұл сұранысты қамтамасыз ететін 6 негізгі тақырыпта саясатымызды жетілдірудеміз» деді.

Ердоған «Атом энергиясы тақырыбында болса инвестицияларымызды жылдамдата бастадық. Аккую және Синоп Атом қуаты станцияларының іске асырылуымен 10 пайыздық бөлігін осыдан қамтамасыз етеміз. Ресеймен жалғасып жатқан Аккую жобасын ұлттық капиталымызды да қосып, одан да күшейттік. Синоп жобасында да құрылыс жұмыстарын ең қысқа уақытта бастағымыз келеді. Соңғы Үлкен 20 тобы елдері саммитінде Жапония премьер-министрі Цинзо Абэмен осы тақырыпты жан-жақты талқыладық. Тіпті үшінші бір атом энергия станциясы жобасы туралы жұмыстарымызды бастадық» деді.



Ұқсас жаңалықтар