Ердоған Катар, Кувейт және Сауд Арабиясына барады

Президент Режеп Тайып Ердоған 15 шілде күнінен кейін Шығанақ аймағына сапарлай барады.

767631
Ердоған Катар, Кувейт және Сауд Арабиясына барады

Германияның Гамбург қаласындағы Үлкен 20 тобы елдері саммитіне қатысқан Президент Ердоған елге оралу қарсаңында журналисттердің сұрақтарына жауап беріп, Катар дағдарысына да тоқталды.

Саммит аясында Америка Құрама Штаттары Президенті Дональд Трамп және Ресей Президенті Владимир Путинмен кездескенін, кездесуде екі лидердің Катар дағдарысын диалог жолымен шешу жағында болғанын айтты.

15 шілдеден кейін Шығанақ аймақтарына қайтадан барғысы келгенін баяндаған Ердоған «Аймаққа сапар жасау арқылы диалогтың арттыруына бәлки үлес қосуымыз мүмкін. Әсіресе Катар, Кувейт, Сауд Арабиясына барғым келеді» деді.

Ердоған Кувейттің дәнекер міндетін атқарғанын білдіріп «Кувейттің дәнекерлігін біз де қолдаймыз» деді. 



Ұқсас жаңалықтар