Ердоғанның оққағарларына АҚШ-тан тұтқындау шешімі

Президент Ердоған шешімге наразылық білдірді.

753818
Ердоғанның оққағарларына АҚШ-тан тұтқындау шешімі

Президент Ердоған АҚШ-қа «оққағар» тақырыбында нарызылық білдірді.

АҚШ органдары президент Ердоғанның 16 мамырда АҚШ сапары барысында болған оқиғаны сылтауратып,  ТР президенттік аппаратының оққағарларын ұстау шешімін қабылдады.

Президент Ердоған бұған: «Бұл қандай құқық. Бұл оққағарлар мені қорғамаса, мен оларды Америкаға неге алып бардым?» деп наразылық білдірді.

Президент Ердоғанның АҚШ сапары барысында экстремистік террор ұйымы PKK жақтастары Түркияның Вашингтондағы өкілетті елшілік ғимараты алдына жиналып,  түріктерге шабуылдаған болатын.

АҚШ-тың осында жоғары деңгейдегі басқа сапарларда қолданған шаралары бұл жолы қолданылмады.

Осылайша шабуылда АҚШ қауіпсіздік күштері жеткіліксіз болды. Араға ТР президенттік аппараттың оққағарлары килікті. Оқиғадан кейін АҚШ органдары тергеу бастады.

АҚШ органдары шабуыл жасағандарды емес,  түрік азаматтары мен президенттік аппарат оққағарларын айыпты деп тапты.

«Менің 12 оққағарыма тұтқындау шешімін беріпті.  Бұл қандай заң? Бұл қандай құқық? Оққағарлар мені қорғамаса,  мен оларды Америкаға өзіммен бірге неге алып бардым? Американың Гансы және Джорджы ма мені қорғайтын?» деді президент.

Осы шешімге орай ТР СІМ АҚШ-тың Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісін шақырды. Министрлік кеңесшісі Үмит Ялчын елшіге аталмыш шешімнің құқықсыздық екенін айтты.

«Бейтарап және тәуелсіз тергеу болмайынша,  түрік жағының осы шешімді қабылдамайтыны» елшіге түсіндірілді.



Ұқсас жаңалықтар