Ердоған Қытай сапары алдында мәлімдеме жасады

Президент АҚШ-тың бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-нің қасына жараспағанын атап айтты.

731050
Ердоған Қытай сапары алдында мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-нің қасына жараспағанын атап айтты.

Ердоған Қытай сапары алдында Анкара Эсенбоға әуежайында сұрақтарға жауап қайтарды.

Қытайдағы байланыстарының артынан 15-17 мамыр күндерінде ұйымдастыратын АҚШ сапарымен байланысты мәлімдеме жасаған Ердоған «Қазір АҚШ әлі бір өтпелі кезеңде. Бұл өтпелі кезең себепті осында өте абай болуымыз керек. АҚШ-тан YPG-ге берілген ауыр қарулар жай қарулар емес. Бұлардың барлық құжаттары қолымызда мұны АҚШ-та мойындайды. Бұлар АҚШ-пен стратегиялық ынтымақтастығымызға керісінше әсер ететін жаңалықтар. Бұлардың болуын қаламаймыз, мұны ашық түрде айтамыз» деді.

Ердоған ел көлемінде және шетелде DEAŞ, PKK, PYD/YPG-мен күрестің табандылықпен жалғасатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар