Түркия Ресейден S-400 қорғаныс жүйесін алады

Ышык S-400 қорғаныс жүйесі  жұмыстарының соңғы сатыға келгенін айтты.

719303
Түркия Ресейден S-400 қорғаныс жүйесін алады

Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышык Ресейден алынатын S-400 ұзақ атымды әуе қорғаныс жүйесі  жұмыстарының соңғы сатыға келгенін айтты.

Министр Ышык соңғы шешімнің Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей Президенті Владимир Путин арасында 3 мамыр күні Сочиде өткізілетін кездесуде жасалатынын баяндады.

S-400 зымыран тақырыбында НАТО сезгірлігіне де назар аударған Фикри Ышык «НАТО-ға интеграция болғаннан кейін НАТО-ның айтар сөзі қалмайды. Біз НАТО-ның жүйесін де интеграция еткіміз келеді. Өкінішке орай НАТО мүшесі елдері бұны бермеуде және Түркияның да бұған жедел мұқтажы болса Түркия шешімін жасайды» деді.

Ышык «Түркияның бір зымыран қорғаныс жүйесіне мұқтажы болғаны айқын. Бірақ НАТО мүшесі елдер Түркияға бағасы жағынан үйлесімді бір ұсыныс жасамады. Технологиялық алмасу және ортақ өндірісі де қабылдануы керек» деп, Ресей нарығына бет алудың себептерін түсіндірді.

Сирияның Ракка қаласының террор ұйымы ДАИШ-тен құтқару операциясына да тоқталған Ышык «Америка Құрама Штаттары бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сирия жалғасы PYD-ні қолдануға тырысса, онда осы операцияға Түркияның қолдау көрсетуі мүмкін емес» деген сөздер қолданды. 



Ұқсас жаңалықтар