Шырнакта 40 террорист өлтірілді

Шырнактағы операцияда 5 күнде 40 террорист өлтірілді.

718960
Шырнакта 40 террорист өлтірілді

Бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ға операция ұйымдастырылды. Шырнактағы операцияда 5 күнде 40 террорист өлтірілді.

Талай жылдан бері террористтер лагер ретінде қолданылған Бестлер-Дерелер аймағына құрлықтан және әуеден операциялар жасалуда.

Аймақта террористтерге тиесілі көптеген қару-жарақ және тұрмыста қолданылатын бұйымдар қолға түсірілді.

Диярбакырдың Кулп ауданы маңында жалғасқан операцияда болса 2 террорист өлтірілді.

Хаккари, Битлис, Елазыг және Мардинде іздеу барысында террористтер қолданған баспана, қорғаныс бекіністері, басқару штабы және жабдықтар қолға түсірілді.

Түрік Қарулы Күштері Ирактың солтүстігінде Зап және Гара аймақтарына да әуе операциясы ұйымдастырылды.

Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Хулуси Акар террормен күресуде үлкен табыстарға қол жеткізетіндерін айтты.

Хулуси Акар 23 сәуір Ұлтттық егемендік және балалар мерекесіне орай ұйымдастырылған қонақасында журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Генерал Акар террористтерді түбегейлі жойғанға дейін террормен күресудің жалғасатынын түсіндіріп, «Қауіпсіздік күштері қолынан келгенін істеп жатыр» деді. 



Ұқсас жаңалықтар