Түркия қорғаныс жүйесін Ресейден алады

Фикри Ышык астана Анкарада журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

717855
Түркия қорғаныс жүйесін Ресейден алады

Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышык Ресейден S-400 қорғаныс жүйесін сатып алу жұмыстарының аяқталуға аз қалғанын білдіріп, «Алайда әлі де екі ел тарапынан жүргізілуге  тиісті процестер бар» деді.

Фикри Ышык астана Анкарада журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Ышык «Түркияның бір зымыран қорғаныс жүйесіне мұқтажы болғаны айқын. Бірақ НАТО мүшесі елдер Түркияға бағасы жағынан үйлесімді бір ұсыныс жасамады. Технологиялық алмасу және ортақ өндірісі де қабылдануы керек» деп, Ресей нарығына бет алудың себептерін түсіндірді.

Фикри Ышык Түркияның нақтылы мақсатының болса өзінің ұзақ атымды әуе қорғаныс және зымыран жүйесін дамыту екенін және осы жөніндегі жұмыстарының да басталғанын айтты. 



Ұқсас жаңалықтар