Президент Ердоған АҚШ-тың операциясын қолдады

Президент Ердоған Хатай қаласында топтық ашылу рәсіміне қатысты.

708192
Президент Ердоған АҚШ-тың операциясын қолдады

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының Сирияда режим күштерінің әуе базасына шабуылдауын соғыс қылмыстарына қарсы басылған болымды бір қадам екенін атап көрсетті.

Президент Хатай қаласында топтық ашылу рәсіміне қатысты.

Президент Ердоған «Асад режимінің химиялық және кәдімгі қарулармен жасаған соғыс қылмыстарына қарсы басылған бір қадам ретінде мұны болымды қабылдағанымызды айтқым келеді. Жеткілікті ме? Мен мұның да жеткіліксіз екенін ойлаймын» деді.

«Балалар опасыз түрде өлтірілген бір әлемде ешкім өзін тыныш және қауіпсіз сезіну құқығына ие емес» деген Ердоған «Бұл болып жатқандардың артынан барша тұғырын бағалауы керек. Ешкім жасаған адамзаттық қылмыстарды, бала қырғындарын, ДАИШ-пен күрес сылтауының артына жасырмақ болмасын. Сириядағы оқиғалар ДАИШ сылтауымен жасыра алмайтындай ашық және трагедиялық» деді.

Президент Ердоған «Бізше соңғы жаңалықтар қауіпсіз аймақтар құру талпынысымыздың қаншалықты орынды екенін ортаға қойды. Сирияда, Түркия шекаралары да қауіпсіз аймақ ретінде жариялану керек. Бұл 4 мың шаршы шақырымдық бір алаң болуы да мүмкін. Осы жерлерге тұрғын үйлер салайық. Түркиядан Сирияға оралғысы келетін бауырларымызда болуы мүмкін. Халықаралық қоғам ‘дұрыс айтасыз’ десе де, қадам баспауда. Халықаралық қоғам ортаға қоятын ортақ бір ұстанымның режим мен адамзаттық қылмыс жасаған барлық террор ұйымдарын тоқтату күшіне ие бір тұрақтылық екенін ойлаймын. АҚШ-тың белсенді ұстанымының осы бағыттағы жаңалықтардың бастамасы болуын тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар