Премьер-министр жастардың сұрақтарына жауап қайтарды

Бинали Йылдырым «Президенттің міндеті елді басқару, Мәжілістің міндеті заң шығару» деді.

706756
Премьер-министр жастардың сұрақтарына жауап қайтарды

Премьер-министр Бинали Йылдырым 16 сәуір күні өтетін атазаң өзгерісімен жаңа жүйеде Мәжіліс пен президенттің жауапкершіліктерінің нақты түрде белгіленгенін білдірді.

Бинали Йылдырым «Президенттің міндеті елді басқару, Мәжілістің міндеті заң шығару» деді.

Йылдырым тікелей эфирде жастардың сұрақтарына жауап қайтарды.

Мәжілістің заң шығаратынын, бұларды жүзеге асыру жауапкершілігінің болса президентте болатынын түсіндірген Йылдырым «Президент бұл жұмыстарды жарлықтармен жүзеге асырады. Атазаңда заңдармен жасалуы қамтылған тақырыптар ешқандай президенттік жарлықтың жауапкершілігіне жатпайды. Бұл жайлы шыққан бір заң болса, сол тақырыпта президент жарлық жариялаған жағдайда, жүріп жатқан заңның күші үстемдік жасайды, жарлықтың күші жойылады» деді.

Бинали Йылдырым жаңа жүйеде премьер-министрлік міндеті болмайтынын да атап көрсетті.

Екі ұдайылықтың бір билікте жиналғаны деген мағынаға келетінін және Түркияның уақытын жоймайтынын атап көрсеткен Йылдырым жаңа жүйеде биліктің бір болатынын, халық кімге жауапкершілік жүктесе елді де оның басқаратынын білдірді.

Премьер-министр Йылдырым жаңа жүйеде биліктің халықта болатынын, сондықтан бір адамның билігінің ешқашан орнамайтынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар