Мевлүт Чавушоғлу азаматтық қоғам өкілдерімен басқосты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Еуропаның нәсілшілдік және фашизмге берілгенін атап айтты.

699959
Мевлүт Чавушоғлу азаматтық қоғам өкілдерімен басқосты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу нәсілшілдік және фашизмге берілген Еуропаның уақыт өткен сайын жарға қарай жақындағанын атап айтты.

Анталияда азаматтық қоғам мекемелерімен басқосқан министр Чавушоғлу Швейцарияның бас қаласы Бернде Федералды парламент ғимараты алдында террор ұйымы және жақтастары тарапынан ұйымдастырылған митингте президент Режеп Тайып Ердоғанды нысанаға алған және жанжал туғызатын афиша оқиғасын бағалады.

Дипломатиялық тұрғыдан барлық наразылықтың көрсетілгенін атап көрсеткен министр Чавушоғлу «Алдынғы күні Швейцарияда болған оқиға қабылданатындай емес. Швейцария сыртқы істер министрі Дидье Брукхальтерге телефон шалдым. Өзі «оқиғадан бейхабармын»  деді. Өзіне фотосуреттерді жібердік. Бұл фашизм емес пе? Мұны айтқан кезде өкпелейді» деді.

Еуропаның саяси тұғыры мен Еуроодақтың (ЕО) әсіресе соңғы кездері Түркияға бағытталған саясаттарын сынға алған Чавушоғлу «Қазір бір саяси партия әсіресе социалистік партия фашистік тұғырға көшкен болса, онда Еуропаның жағдайы қиын. Сен террорды, қақтығысты ынталандыр кейін сені сынға алғанда Түркия біз туралы неліктен былай дейді? деп сұра. Шындықты айтамыз. Ердоғанды нысанаға алған афишаны бір саяси партияның Мәжіліске ілуі не деген мағынаға келеді, бұл фашизм деген сөз емес пе? Террор ұйымына қолдау, онымен бірге қозғалу емес пе? Яғни террор ұйымымен бірдей бағыттасын деген сөз» деді.

Чавушоғлу «Өкінішке орай Еуропаның қазіргі жағдайы осы. Еуропа уақыт өткен сайын жарға қарай жақындауда, біздің айтқымыз келген осы. Осыған өкпелейді. Енді бастарын құмнан шығаруға тиісті» деді.

Еуропаның өте қауіпті бір бағытқа бет алғанын атап көрсеткен Чавушоғлу «Бірақ олар не айтса айтсың, не істесе істесін. Бұл бүкілхалықтық референдумда соңғы сөзді түрік ұлты айтатын болады. Ұлтымыз 16 сәуір күні ‘Бұл елдің иесі менмін. Бұл елде сөздің иесі де, шешім де менікі, сенің шаруаң болмасын мен шешім қабылдаймын’ дейді иншалла» деді.

Ердоғанды нәсілшілдік және фашизммен нысанаға алған афиша оқиғасының ізіне түсетіндерін атап көрсеткен Чавушоғлу «Министр ‘Мен тексертіп, тергеу бастаймын’ деді. Кейін мұның нәтижесін сұраймыз. Қандай қадамдар басылғанын өздерінен сұраймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар