Куртулмуш мәлімдеме жасады

ПКК-ның әрі Германияның, әрі де Еуропа құрлығының  болашағына қауіп төндіретінін айтты.

695948
Куртулмуш мәлімдеме жасады

ПКК-ның әрі Германияның, әрі де Еуропа құрлығының  болашағына қауіп төндіретінін айтты.

Премьер-министр орынбасары және үкімет мәлімдемешісі Нуман Куртулмуш Еуропа құрлығын өте жаман бір болашақ күткенін, фашист, нәсілшіл, ұшқары оңшыл пайымдауларға бас иетін болса Еуропаның қатты зиян шегетінін білдірді.

Нуман Куртулмуш президент Режеп Тайыр Ердоғанның басшылығындағы Министрлер Кеңесі жиналысы жалғасып жатқан кезде мәлімдеме жасады.

Германия ұлттық барлау ұйымы төрағасы Бруно Кальдың 15 шілде күнгі қанды төңкеріс әрекетін жасаған Фетуллахшы террор ұйымы параллел мемлекеттік жүйесін ақтауға тырысқан мәлімдемелеріне наразылық көрсеткен Куртулмуш «Германия ұлттық барлау ұйымының FETÖ-ні қолдаған мәлімдемелерін ешқашан қабылдаймыз» деді.

Куртулмуш террор ұйымы ПКК-ның әрі Германияның, әрі де Еуропа құрлығының  болашағына қауіп төндіретінін айтты.

Нуман Куртулмуш «Қазірден бастап алдын алу шаралар қолданайық. Алдын алудың жолы шетелдіктермен бірге достық ішінде  өмір сүру. Еуропа бұл жөнінде кең болғаны жөн. Фашист, нәсілшіл және ұшқаны оңшыл пайымдауларға орын бермеу керек. Өйтпеген жағдайда зиян шегеді» деді.

 


Этикеттер: #ПКК , #Германия , #Еуропа

Ұқсас жаңалықтар