Түркия Голландияға екі бөлек нота жіберді

Голландияның Түркиядағы уақытша сенімді өкілі 3-ші рет Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

690310
Түркия Голландияға екі бөлек нота жіберді

Түркия Голландияның түрік министрлерге қарсы жасаған әрекеті мен бейбіт жиналыс құқығын қолданған түрік азаматтарына бағытталған ұстанымы себепті бұл елге нота берді.

Өзіне берілген алғашқы нотамен министр Фатма Бетүл Саян Кая және қасындағы делегацияға Голландияда жасалған әрекетпен халықаралық ережелерге қарама-қайшы қозғалып, Вена келісімінің тапталғаны білдірілді.

Нотада сондай-ақ өтемақы құқығының сақтаулы екені аталып, түрік министрлер мен азаматтарына бағытталған аталмыш тапшылықтың тергелуі, бұл заңсыз ұстанымның жауапкерлері жайлы қылмыстық, әкімшілік және соттық шара қолданылуы, сондай-ақ нәтижесінің Сыртқы істер министрлігіне білдірілуі талап етілді.

Екінші нотамен болса Голландия полициясының Роттердам бас консулдығы алдында жиналған түріктерге бағыттаған қатаң қарсылығы жайлы жасалды. Нотада бейбітшіл шерулерде жасалған полиция шарасының өте ауыр екені атап көрсетілді.

Голландия әкімшілігі сенбі күні Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның ұшағына қонуға рұқсат бермей, Отбасы және Әлеуметтік саясаттар министрі Фатма Бетүл Саян Каяны болса Түркияның Роттердам бас консулдығына кіргізбеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар