Ердоған мен Путин бүгін кездеседі

Түркия мен Ресей арасында өте маңызды саммит өтеді.

688554
Ердоған мен Путин бүгін кездеседі

Түркия мен Ресей арасында өте маңызды саммит өтеді.

 Президент Режеп Тайып Ердоған бүгін Ресей президенті Владимир Путинмен соңғы 6 айдағы 4 реткі кездесуін өткізеді.

Мәскеудегі маңызды саммитте Сирия дағдарысына байланысты барлық ұсыныстар үстелге қойылады.

Кездесуде террор ұйымы PYD мен YPG-ге берілуі күтілген Мүнбичтегі стратегиялық түйіннің шешілуі күтілуде.

Ракканың ДАИШ-тен құтқарылу операциясы да қолға алынады.

Саммитте Евфрат қалқаны операциясы, мүмкін Ракка әрекеті және Түркияның алуды жоспарлаған S-400 зымыран қорғаныс жүйелері де күн тәртіпке келеді.

Түркия мен Ресей қарым-қатынастары тұрғысынан өте маңызды болған басқа бір тақырып болса энергия. Аккую атомдық станциясы мен Түрік ағыны табиғи газ құбыр желісі де талқыланады.

Саммитте өте маңызды келісімдер жасалады. Бұлардың тек экономика және сауда алаңы ғана емес, сонымен қатар техникалық және мәдени қарым-қатынастар да қамтылады.



Ұқсас жаңалықтар