Арнайы жасақтардың террор ұйымдарымен күресі жалғасуда

Теңіз күштері қолбасшылығы арнайы жасақтардың террормен күрес көріністерін бөлісті.

682081
Арнайы жасақтардың террор ұйымдарымен күресі жалғасуда

Суасты шабуыл (SAT) және суасты қорғаныс (SAS) арнайы жасақтары мен Амфибиялық теңіз десантшылар, Шығыс пен Оңтүстік Шығыс аймақтарында бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ға бағытталған күрес және Сирияның солтүстігіндегі террор ұйымдарын нысанаға алған Евфрат қалқаны операциясына қолдау беруде.

Теңіз күштері қолбасшылығы жасаған жазбаша мәлімдемемен әртүрлі әуе, теңіз және құрлық шарттарында арнайы операциялық тапсырмаларды жүзеге асырған таңдаулы жасақтар, «SAT» және «SAS» жасақтарына қоса, Амфибиялық теңіз десантшыларының террормен күрес және Евфрат қалқаны операциясына үлес қосқанын жариялады.

Мәлімдемеде арнайы жасақтардың Шығыс және Оңтүстік Шығыс Анадолы аймақтарында террор ұйымы ПКК үздіксіз қолданған баспаналар мен өту жолдарын террористтерден тазалау және террор ұйымы мүшелерінің қысқы дайындықтарын шектеу мақсатты басталған операциялар кезінде фотосуретке түсірілген кадрлар да бөлісілді.

Сирияның солтүстігіндегі террор нысаналарына бағыттап 24 тамыз күні басталған және 188 күннен бері жалғасқан Евфрат қалқаны операциясы аясында арнайы жасақтар жүргізген операциялар бейнеленген фотосуреттер қатты назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар