Ел көлемінде соңғы 1 аптада 36 террорист қолға түсті

ДАИШ террор ұйымымен байланысы бар 66 адам да тергеуге алынды.

680807
Ел көлемінде соңғы 1 аптада 36 террорист қолға түсті

Ел көлеміндегі операцияларда соңғы бір аптаның ішінде 36 террорист қолға түсті.

Қауіпсіздік күштері тарапынан ел көлемінде 20-27 ақпан күндері арасында бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ға бағыттап 178 операция жасалды.

Террористтердің 18 өлтірілсе, екеуі жаралы ұсталды. Операцияларда 12 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді.

ДАИШ террор ұйымымен байланысы бар 66 адам да тергеуге алынды.

Басқа жағынан Фетуллахшы террор ұйымы мемлекеттік паралельді құрылымы FETÖ/PDY мен күрес аясында ұсталған 855 күдіктінің 48-і тұтқындалды.

Шығыс және Оңтүстік Шығыстағы 8 қалада жүргізілген операциялар барысында анықталған 26 баспана мен үңгір жермен-жексен болды.

Тұзақталған қолдан жасалған 17 жарылғыш пен мина жойылса, 90 кг. пластикалық жарылғыш пен жарылғыш материалы ретінде қолданылған 210 грамм химиялық зат, 87 граната, 24 ауыр және ұзақ атымды жалпы 42 қару қолға түсті.

Террор ұйымының қаржы көздеріне бағыттап 72 қалада 597 есірткі операциясы жасалды.

Операцияларда 1 тонна 114 кг. марихуана, 122 кг. героин, 1 кг. апиын, 2 кг. кокаин, 5 кг. метамфетамин, 5 мың 278 есірткі дәрі, 1 миллион 713 мың 233 дана заңсыз темекі және мың 546 литр жанармай ұсталды. Операция аясында тергеуге алынған 788 күдіктіден 49-ы тұтқындалды.



Ұқсас жаңалықтар