Президент Месут Барзанимен кездеседі

Бұл туралы Ибрахим Калын мәлім етті.

678603
Президент Месут Барзанимен кездеседі

Ирак Күрд аймақтық әкімшілігі басшысы Месут Барзани 26 ақпан жексенбі күні Стамбулда президент Режеп Тайып Ердоған тарапынан қабылданады.

Президенттік аппараттың бас хатшы орынбасары және баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Месут Барзанидің Түркия сапары жөнінде: «Талқыланатын тақырыптар бар.  Ирак біз үшін барлық жағынан маңызды.  Экономикалық тұрғыдан,  шекара қауіпсіздігі тұрғысынан,  гуманитарлық жағынан,  мәдени жақтан. Осы қатынастың жалғастырылуы маңызды.  Ирак Күрд аймақтық әкімшілігі де әрі террор ұйымы ДАИШ, әрі бөлшектеуші террор ұйымы PKK-мен күресте Түркиямен бірдей ұстанымда. Осы бағыттағы ынтымақтастығымызды қаншалықты нығайта түссек,  соншалықты пайдалы болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар