Президент Катарда

Ердоған Дохада кездесулер өткізеді.

672571
Президент Катарда

Президент Режеп Тайып Ердоған Шығанақ елдеріне ұйымдастырған ресми сапарының үшінші аялдамасы – Катарда.

Бас қала Дохада Катар Энергия және өнеркәсіп министрі Мұхаммед әл Сада және Катардың Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Салим Мүбарек әл Сафи, Түркияның Дохадағы өкілетті және төтенше елшісі Ахмет Демирок тарапынан қарсы алынған президент Катардың бұрынғы әмірі Шейх Хамад Бин Халифе Ал Санимен кездесті.

Ердоған үшін бүгін ресми қарсы алу рәсімі ұйымдастырылады.

Артынан президент оңаша және делегация аралық кездесулер өткізеді.  Кейіннен Катардан аттанады.

Сапар желтоқсан айында Трабзонда болған Түркия-Катар Жоғары стратегиялық комитеттің екінші жиналысынан кейін ұйымдастырылды.

Комитеттің бірінші жиналысы 2015 жылдың желтоқсан айында Катарда болған еді.



Ұқсас жаңалықтар