Түркия-Израиль Саяси кеңес жиналыстары Анкарада болып өтті

2010 жылы тоқтап қалған Саяси кеңес жиналыстары кеше Анкарада қайтадан басталды.

663735
Түркия-Израиль Саяси кеңес жиналыстары Анкарада болып өтті

Түркия мен Израиль арасында 2010 жылдан бері жалғасқан дағдарыстың артынан алғашқы саяси кеңес жиналыстары кеше Анкарада болып өтті.

Дипломатиялық ақпарат көздеріне қарағанда Түркия-Израиль Сыртқы істер  министрліктері кеңесшілері деңгейіндегі саяси кеңестердің 15-ші туры кеше Анкарада ұйымдастырылды.

1987 жылдан бері жалғасып келген саяси кеңестің 6 жылдық үзілістің артынан қайтадан басталуы, екі ел ынтымақтастықты қалпына келтіру тақырыбында 2016 жылдың маусым айында жасалған келісімнің негізінде.

Кешегі кеңес жиналыстарында Түркия мен Израиль арасында күн тәртіптегі кейбір тақырыптар қолға алынып, әсіресе энергия, экономика, мәдениет және туризм алаңдарында ынтымақтастық мүмкіншіліктері қарастырылды.

Саяси кеңестерде сондай-ақ Таяу Шығыс пен Шығыс Жерорта теңізінен бастап, ауқымды бір аймақтағы жаңалықтар бағаланды.

Түркия-Израиль ынтымақтастығының аймақтың тұрақтылығы және қауіпсіздігі тұрғысынан алар орны жайлы ортақ көзқарас білдірілді.

Бұл аяда Мәдениет және Туризм министрі Наби Авжы келесі апта Израильге сапарлай барады.



Ұқсас жаңалықтар