Германия канцлері Ангела Меркель Анкараға келді

Түркия мен Германия арасында тығыз бір дипломатиялық кезең басталды.

663864
Германия канцлері Ангела Меркель Анкараға келді

Осының соңғы қадамы ретінде Германия канцлері Ангела Меркель Анкараға келді.

Күн тәртібінде Фетуллахшы террор ұйымы мемлекеттік паралельді құрылымымен күрес қайта қабылдау келісімі және Сирия бар.

Президент Режеп Тайып Ердоған Ангела Меркельді Бештепеде қабылдайды.

Ангела Меркель премьер-министр Бинали Йылдырыммен де Чанкая резиденциясында бас қосады және ортақ баспасөз жиналысы ұйымдастырады.

Меркель 15 шілде күні ФЕТӨ-нің табыссыз аяқталған төңкеріс әрекеті кезінде F-16 соғыс ұшақтарының шабуылында зиян келген парламент ғимаратын аралайды.

Германия канцлері Меркельдің жұмыс сапарында Түркия-Германия ынтымақтастығы және терроризммен күрес, босқын көші, Кипр келіссөздері кезеңі және Түркия-Еуроодақ ынтымақтастығы қолға алынады.



Ұқсас жаңалықтар