Гүлен жайлы АҚШ-қа жаңа дәлелдер жіберілді

Измир бас прокуратурасы дайындаған FETÖ айыптау актісіндегі жасырын куәгердің түсініктемесі АҚШ-қа жіберілді.

661499
Гүлен жайлы АҚШ-қа жаңа дәлелдер жіберілді

Түркия 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетін жасаған Фетуллахшы террор ұйымының басшысы Фетуллах Гүленді ұстап беру сұранысымен АҚШ-қа қосымша және жаңа дәлелдер жіберді.

Измир бас прокуратурасы дайындаған FETÖ айыптау актісінде орын алған есімі құпия түрде сақталған куәгерлердің төңкерістің тікелей Гүленнің тапсырмасымен дайындалып бекітілгенін қамтитын маңызды түсініктемесін аударып, дәлел ретінде АҚШ Әділет министрлігіне әрі интернет, әрі жазбаша құжат түрінде жіберді.

Айыптау актісінде «құзғын» есімі құпия түрде сақталған куәгерлердің түсініктемесінде төңкеріс әрекетін жоспарлаушы тұлғаларының бірі Түрік қарулы күштерінің қашқын «имамы» Әділ Өксүздің төңкеріс жоспарын Гүленге ұсынып қолдау алатынын ашық түрде айтқанын, жоспардың Өксүз тарапынан 2016 жылы 16 сейсенбі күні АҚШ-қа апарылып, Гүленнің бекітуінің артынан іске қосылғанын атап көрсетті.

«Шапка» лақапты жасырын куәгер де түсініктемесінде төңкеріс жоспарының Анкарадағы үлкен бір үйде Гүленнің тапсырмасымен дайындалғанын, кейін Әділ Өксүздің жоспарды АҚШ-қа апарып, тікелей Гүленнің толық қолдауын алғанын атап айтқан болатын.

«Шапка» түсініктемесінде «Измирде төңкеріске қарсы шығуы ықтимал генералдар және оларды қамауға алу үшін тағайындалатын қызметкерлердің тізімінің бізге берілетіні алдын ала білдірілді, 2016 жылы 13 шілде күні сағат 16.00-де жіберілген хабарламамен тізім қолымызға келді. Төңкерістің 15 шілде күні жасалатыны 2 күн бұрын хабарланды» деді.

АҚШ-тың 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетін жоспарлаған тұлғалардан Әділ Өксүздің бұл елге кіріс-шығыс күндерін талап еткені де анықталды.

Жаңа құжаттар арасында Өксүздің АҚШ-қа қай күндері барып қайтқаны ұшақтың ЕЛ және орындық нөміріне дейін АҚШ органдарына білдірілгені жеткізілді.

АҚШ-қа өткен апта ұстап беру талабымен қосымша дәлелдерді қамтыған папка ұсынылып, осылайша жаңа президент Дональд Трамп кезеңінің алғашқы ұстап беру сұранысы жасалды.



Ұқсас жаңалықтар