Сирия режимі Түркиядағы опасыз шабуылдармен байланысын мойындады

Мәжілістің Бас хатшысы Халид Аббуд Сирия телеарнасынан мәлімдеме жасады.

645813
Сирия режимі Түркиядағы опасыз шабуылдармен байланысын мойындады

Башар Асадтың Баас партиясы бақылауындағы Мәжілістің Бас хатшысы Халид Аббуд барлау ұйымы қызметкерлерінің ДАИШ террор ұйымы құрамына жасырын түрде кіріп, террористтерге бағыт бергенін атап айтты.

Аббуд Сирия телеарнасында жарияланған бір бағдарламада режимнің ДАИШ террор ұйымымен байланысын жариялады.

Асадқа жақындығымен танымал тұлғалардың бірі Мәжіліс депутаты Аббуд «ДАИШ, Нусра сияқты ұйымдар қайда? Әрине Дамаск төңірегінде орналасқан. Ал неліктен Дамаскта жарылыстар болмайды? Сирияның қауіпсіздік мекемелері, барлау ұйымы, мұндай террор ұйымдардың құрамына жасырын түрде кірді. Неліктен Түркияның кейбір қалаларында жарылыстар болуда? Иорданияда да қауіпсіздік күштеріне жасалған шабуылдарға қараңыз! Сирия режимінің қолында Иордания мен Түркия жағрапиясындағы оқиғалармен байланысты көптеген мәлімет бар» деді.

Түрік қарулы күштерінің Сирия шекарасында лаңкестік ұйымдарға қарсы 2016 жылы 24 тамыз күні бастаған Евфрат қалқаны операциясының артынан ДАИШ Түркияда көптеген террор шабуылы жасады.



Ұқсас жаңалықтар