Сирияның солтүстігіндегі операцияларда 76 террорист өлтірілді

Евфрат қалқаны операциясы аясында біреуі ДАИШ-тің басшылық кадрынан барлығы, 76 террористтің өлтірілгені білдірілді.

644643
Сирияның солтүстігіндегі операцияларда 76 террорист өлтірілді

Сирияның солтүстігін террор ұйымдарынан тазалау үшін 24 тамыз күні Түркия басшылығында басталған Евфрат қалқаны операциясы аясында біреуі ДАИШ-тің басшылық кадрынан барлығы, 76 террорист өлтірілді.

Операцияларда террористтердің ондаған баспанасы, қорғаныс бекінісі, штаб пәтері, ауыр қарулары мен көліктері нысанаға алынды.

Нысана анықтау құралдары арқылы анықталған ДАИШ-тің 74 нысанасы жойылды.

Операцияда біреуі ДАИШ-тің басшыларынан 20 террорист өлтірілді.

Түрік соғыс ұшақтары Баб, Бзагах, Тадиф, Кабр ал-Мукри, Суфланиях және Заммардағы ДАИШ-тің 28 нысанына бағыттап әуе операциясы жасады. Осындағы шабуылда 18 террорист өлтірілді.

Күнімен жалғасқан қақтығыстарда болса 38 террористтің тағы өлтірілгені білдірілді.

ДАИШ террор ұйымынан тазаланған аймақтарда болса оппозицияға қолдау жалғасуда.

Мамандар аймақта қолдан жасалған 48 жарылғышты жойды.

Басқа жағынан Түрік қарулы күштері Ирактың солтүстігіндегі Авашин, Басьян және Зап аймақтарына бағытталған операцияда ПКК-ның 6 нысанасы жойылды.



Ұқсас жаңалықтар