Ішкі істер министрлігі террормен күрес операциялары жайлы мәлімдеді

Министрлік мәлімдемесіне қарағанда ПКК террор ұйымының 26 террористі өлтірілді.

642389
Ішкі істер министрлігі террормен күрес операциялары жайлы мәлімдеді

Ішкі істер министрлігі соңғы бір аптаның ішінде террор ұйымдарына қарсы жүргізілген операцияларда ПКК террор ұйымына мүше 26 террористтің өлтірілгенін мәлімдеді.

Министрлік мәлімдемесіне қарағанда полиция, жандармерия және Түрік қарулы күштері тарапынан террор ұйымы PKK/KCK-ға бағыттап 274 операция жасады.

Соңғы бір аптаның ішінде қауіпсіздік күштері тарапынан бөлшектеуші террор ұйымына қолдау бергені анықталған 342 адам тергеуге алынды. Тергеуге алынған күдіктілердің 34-і тұтқындалды.

Операцияларда террор ұйымы тарапынан қолданылған көптеген баспана мен үңгір жойылып, көптеген оқ-дәрі табылды.

Фетуллахшы террор ұйымымен күрес аясында да 475 адам тергеуге алынды.

Тергеуге алынғандар арасынан 116 адамды тұтқындау жайлы шешім қабылданды.

Сондай-ақ ДАИШ террор ұйымымен байланысы бар екені анықталған соң тергеу басталған 147 күдіктінің 25-інің тұтқындалғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар