Босқын өлімдері едәуір азайды

Түркия араға кіріп,  Эгей теңізіндегі заңсыз босқын өлімдері едәуір азайды.

629979
Босқын өлімдері едәуір азайды

Түркия араға кіріп,  Эгей теңізіндегі заңсыз босқын өлімдері едәуір азайды.

Түркия мен Еуроодақ арасында босқындарға байланысты наурыз айында келісілген Кері қабылдау келісімі іске қосылғаннан кейін Эгей теңізіндегі босқын өлімі 94 пайыз азайды.

Еуроодақтағы шекара басқару агенттігі Frontex-тің деректеріне қарағанда Еуропаға босқындар көп келген өткен жылы Эгей теңізінде ай сайын орташа 67 адам өлді.

Алайда Түркиямен келісім жасалғаннан кейін бұл көрсеткіш айына 7 адамға төмендеді.

Өткен жылы Жерорта теңізінің шығысынан Еуропа елдеріне заңсыз жолдармен 85 мың босқын кетті.  Көпшілігі Түркия арқылы,  Грекия және Кипр понти жағасына күніне 2500 адам келіп жетті.

Түркиямен арадағы келісімнен кейін бұл саны күніне 100 адамнан да аз болды.

Ал бірақ Эгей теңізіндегі «жақсы көрініс» орталық Жерорта теңізі үшін жарамды емес.  Биыл Жерорта теңіз көш тарихындағы шығыны көп жыл болды.  Аймақтағы босқын өлімдері өткен жылға қарағанда 32 пайыз артты.



Ұқсас жаңалықтар