Опасыз шабуылда 2 адам қаза тапты, 33 адам жараланды

Үкімет Аданадағы опасыз шабуылды айыптады.

617007
Опасыз шабуылда 2 адам қаза тапты, 33 адам жараланды

Еңбек және Әлеуметтік қауіпсіздік министрі Мехмет Мүеззиноғлу жаралылардың 5-інің ауыр күйде екенін жариялады.

Оқиғамен байланысты автокөлік паркі кірісінде 1 күзетші қызметкер тергеуге алынды.

Адана қаласы губернаторы Махмут Демирташ оқиғаның Мерсин нөмірлі бір көлікпен бір әйелдің жасағаны ықтималын бағалағандарын жеткізді.

Аданадағы террор шабуылына үкіметтен бірінен соң бірі наразылықтар келді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым шабуылмен байланысты тиісті министрлерге телефон шалып мағлұмат алды.

Вице-премьер Нуман Куртулмуш әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемеде аймақта ойналған ойынды бұзғаны себепті нысанаға алынған Түркияның террорға берілмейтінін атап көрсетті.

Вице-премьер Нуреттин Джаникли болса «Түркия террорға және шетелдік қолдаушыларына қарамастан бірлігін, күшін және өркендеу нысаналарын қорғайды» деді.

Еуроодақ министрі және бас келіссөз жүргізуші Өмер Челик твиттер арқылы жасаған мәлімдемеде «Қанішер террор ұйымы жазықсыз адамдарымызды нысанаға алуда. Бұл террормен күресті соңына дейін жалғастырамыз» деді.

Аданада Түркия энергия саммиті жиналысына қатысқан Энергия министрі Берат Албайрак болсанаразылық көрсетті.

Албайрак «Террорға берілмегенімізді көрсету үшін Аданадағы жиналысымызды өзгерткен жоқпыз» деді.

Албайрак «Бұл ұлт жауапкерлердің де, олардың қуыршақтарын да бұл ғасырдың ішінде басқа бір жерге жерлейтін болады» деді.

АҚШ-тың Анкарадағы өкілетті елшілігі де шабуылды айыптады.

Елшіліктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында «Аданадағы қорқынышты террор шабуылын қатаң түрде айыптаймыз. Қаза тапқандарға қайғырып, жаралыларға жедел шипа тілейміз және террорға қарсы күресте Түркияға қолдауымыз жалғасады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар