Президент Ердоған АҚШ-тың CBS телеарнасына сұхбат берді

Ердоған АҚШ-тың Сирия мен Фетуллахшы террор ұйымы тақырыбындағы саясатының өкіндіргенін атап айтты.

614458
Президент Ердоған АҚШ-тың CBS телеарнасына сұхбат берді

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың Сирия мен Фетуллахшы террор ұйымы тақырыбындағы саясатының өкіндіргенін атап айтты.

Ердоған АҚШ-тың CBS телеарнасында жарияланған «60 минут» бағдарламасына қатысты. Ердоған телеарнадан Таяу Шығыстағы жаңалықтар Фетуллах Гүленді, ұстап беру кезеңі және Түркия-АҚШ ынтымақтастығын бағалады.

Президент Ердоған АҚШ-тың Сирия саясаты тақырыбындағы өкініші еске салынған соң бұл тақырыптарды әрі АҚШ президенті Барак Обама, әрі вице-президент Джо Байденмен талқылағандарын, бірақ АҚШ әкімшілігінің бұл маңызды мәселелерді қолға алуда табыссыз екенін атап көрсетті.

Бағдарламада түрік халқының да әсіресе 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің артынан АҚШ-қа қатты ашуланғанын және елде АҚШ дұшпандығының артқанын тілге тиек етті.

Төңкеріс әрекеті кезінде Ердоғанның жанұясымен демалыста екені атап көрсетілген бағдарламада «Өзіңіз және жанұяңыз үшін алаңдадыңыз ба?» деген сұраққа «Біздің нанымызда бір ереже бар, біз берілуге сенеміз. Біз өлімге сенген пенделерміз. Бірақ осындай бір оқиғада егер сіз басшы болсаңыз, бәрінен бұрын халқыңызға өлімнің бұл дүниеде жалған екенін түсіндіруіңіз керек. Өйткені мынадай  бір нәрсеге сенемін. Басшы бір тастың арқасына жасырынса, ұлт таудың арқасына жасырынар» деді.

Бағдарламада Ердоғанның «Мұның алдында Түркияның АҚШ-қа қылмыскерлерді ұстап бергенін, Түркияның да бірдей ұстанымды АҚШ-тан күткеніне» назар аударылды.

Президент Ердоған бағдарламада АҚШ-пен ЙПГ террор ұйымына қару-жарақ жәрдемі тақырыбында келісімсіздік бар екеніне назар аударып, «ДАИШ-пен соғысады деп басқа бір террор ұйымын жақтай алмайсыз. Террор ұйымдарын «жақсы-жаман» деп жіктеуге болмайды, бұл тақырыпта АҚШ-пен келісе алмадық» деді.

Бағдарламаның соңында жаңа АҚШ әкімшілігі мен Түркия ынтымақтастығының басқаша бола алатынын атап, жаңа президент Дональд Трамптың жұмыс тобының Түркияны маңызды бір одақтас ретінде бағалағанын және Фетуллах Гүленді ұстап беру керектігін еске салды.



Ұқсас жаңалықтар