Калын Бельгия премьер-министрі Шарль Мишельге жауап қайтарды

Мәлімдемеші Ибрахим Калын Бельгияның террормен күрес тақырыбында нақты қадамдар басу керектігін атап көрсетті.

612725
Калын Бельгия премьер-министрі Шарль Мишельге жауап қайтарды

Президенттік аппараттың мәлімдемешісі Ибрахим Калын Бельгияның террормен күрес тақырыбында нақты қадамдар басу керектігін атап көрсетті.

Ибрахим Калын президент Режеп Тайып Ердоғанның Пәкістан сапары алдында баспасөзге айтқан «Бельгия тек қана ПКК-ның емес, Фетуллахшы террор ұйымы мемлекеттік параллелді құрылымының да маңызды мекен-жайларының бірі» деген сөздерін «абсурд, негізсіз және жала» деп бағалаған Бельгия премьер-министрі Шарль Мишельдің мәлімдемелеріне жазбаша түрде жауап қайтарды.

Калын мәлімдемесінде «Бельгия үкіметі шындықтарды мойындамаудың орнына террормен күрес тақырыбында шынайы, тұрақты және принципті ұстаным ортаға қоюға тиісті. Жасағандары қорқынышты қателіктерді реттейтін қадамдарды кешікпей басу керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар