Сыртқы істер министрі Катарда

Министр Чавушоғлу Башика лагерінің Иракпен мағынасыз бір дағдарысқа жол ашқанын білдірді.

601934
Сыртқы істер министрі Катарда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Иракта түрік әскері қызмет атқарған Башика лагерінің мағынасыз бір дағдарысқа жол ашқанын білдірді.

Бір күндік ресми сапар аясында Қатарда Түркия өкілетті елшілігіне қарасты Түрік мектебі мен Түркияның Катардағы әскери базасында қызмет атқарған түрік әскерлерімен басқосқан Чавушоғлу Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зарифтің Анкара-Бағдат ынтымақтастығын қалпына келтіру үшін бітімгерлік жасай алатыны жайлы мәлімдемесін бағалады.

Башика тақырыбында баршаның болымды ынтымақтастығын қабылдайтындарын атап көрсеткен Чавушоғлу бауырлас және көрші ел Ирактың шекара тұтастығы мен тәуелсіздігіне Түркияның қалай қолдау бергенін ең жақсы Бағдат әкімшілігінің  білгенін білдірді.

Чавушоғлу «Баршадан көп қолдау береміз. Башика лагері қажетсіз бір дағдарысқа жол ашты. Болмауға тиісті бір дағдарыс. Дегенмен біз мұны қалпына келтіру үшін дипломатиялық талпыныстарымызды жалғастырамыз. Өткен апта кеңесшіміз Бағдатқа барған болатын. Сондай-ақ Бағдаттан келетін бір делегация күтіп отырмыз. Әрине Иранның да осында қосар үлесі болса риза боламыз. Көршілеріміздің баршасымен ынтымақтастығымызды ең жоғарғы сатыда жалғастырғымыз келеді. Иранның бұл тақырыптағы ұстанымына алғысымызды білдіреміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар