Чавушоғлу Ирак Өкілдер Мәжілісі шешіміне наразылық көрсетті

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Ирак Өкілдер Мәжілісінің Түркияжайлы жағымсыз шешіміне наразылық көрсетті.

583840
Чавушоғлу Ирак Өкілдер Мәжілісі шешіміне наразылық көрсетті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ирак Өкілдер Мәжілісінің Түркияның Башикадағы әскери болмысын қабылдамаған шешіміне қатысты мәлімдемені «мақсатты» деп бағалады.

Чавушоғлу Түркияға ресми сапармен келген Сербия Сыртқы істер министрі Ивиса Дачичпен ортақ баспасөз жиналысында Ирактың Башика лагерінің құрылу мақсатын еске салды.

Лагердің жаңа құрылмағанын атап айтқан Чавушоғлу осы жердің Ирак әкімшілігінен хабарсыз құрылмағанын, террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы жергілікті күштерді жаттықтыру мақсатымен құрылғанын жеткізді.

Мевлүт Чавушоғлу Иракта әскери қызмет рұқсатының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде жыл сайын болғандай биыл да жаңартылған соң Ирак тарапынан келген бұл наразылықты ел ішіндегі саяси дағдарыспен теңеді.

Ішкі саяси уайымдарға орай Ирактың мұндай саяси көзқарас ортаға қоюының көршілік қарым-қатынастары мен екі ел достығына көлеңке түсіргенін мәлімдеген Чавушоғлу бұл наразылықтардың уақытша екенін ойлағанын атап көрсетті.

Чавушоғлу Сирия келіссөздері жөнінде болса «Бұл соңғы шанс болуы мүмкін» деді.

Сирияда атысты тоқтату тақырыбында енді символдық мағынадағы жиналыстар қаламағанын атап көрсеткен Чавушоғлу Ресей мен АҚШ-қа қоса қатысы бар бүкіл елдер мен басқа да актерлердің де үлесімен бейбітшіліктің қамтамасыз етіле алатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар