Түркия Ирак Өкілдер Мәжілісін қатаң түрде айыптады

Түркия Ирак Мәжілісінің Түркия мен президентке бағыттап қабылдаған айыптаушы шешімін протест етті.

583145
Түркия Ирак Өкілдер Мәжілісін қатаң түрде айыптады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) Ирактағы түрік әскерлерінің қызмет мерзімін созу шешімін сынға алған Ирак Мәжілісін протест етіп айыптады.

Сыртқы істер министрлігі тақырыппен байланысты жасаған жазбаша мәлімдемеде Ирак Өкілдер Мәжілісінің Түркияны айыптаушы қабылдаған шешімін қатаң түрде айыптап, «Әсіресе аталмыш шешімнің құрметті президентімізді айыптайтын тарауын қатаң түрде протест етеміз және қабылдамаймыз» деді.

Мәлімдемеде шешімнің Түркияның жылдардан бері әр салада қолдау берген және қолдағы барлық мүмкіншіліктермен көмектесуге тырысқан Ирак халқының көпшілігінің көзқарасы емес екенін атап көрсетілді.

Түркияның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірген ДАИШ-пен әу бастан тұрақты түрде күрес жүргізілгені атап көрсетілген мәлімдемеде «Түркия жылдардан бері Ирактағы террор қаупінің салдарынан мыңдаған азаматынан айырылды. Ирактағы мәзхабтық ұстанымға орай ортаға шыққан тұрақсыздықтың тікелей ықпалына қарамастан Ирактың шекара тұтастығы, егемендігі, тұрақтылығы және қауіпсіздігін қажет кезде үлкен саяси және экономикалық шығындарды мойындап, ең мықты түрде қолдадық. Бүгінге дейін Иракқа қарсы Түркиядан бір қауіп төнген емес» делінді.

Мәлімдемеде қабылданған шешімге деген мазасыздық пен наразылықтың министрлікке шақырылған Ирактың Анкарадағы өкілетті елшісіне жеткізілетіні атап көрсетілді.

Ирак Өкілдер Мәжілісі Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі тарапынан Түрік қарулы күштерінің Ирактағы қызмет мерзімін созумен байланысты 1 қазан күні қабылдаған шешімін қабылдамағандарын және бекітпейтінін білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар