Түркия Катармен ортақ талпыныс көрсетуде

Сирия және халықаралық тақырыптарында Түркия Катармен ортақ талпыныс көрсетуде.

581543
Түркия Катармен ортақ талпыныс көрсетуде

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Сириядағы төгілген қан мен аққан көз жасының тоқтатылуы үшін Катармен бірге ортақ талпыныс көрсеткендерін айтты.

Чавушоғлұ EXPO 2016 Анталия көрме алаңындағы Катар мемлекеттік мереке күніне қатысты.

Катардың мемлекеттік  мереке күніне Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұмен қатар Катар қоршаған орта министрі Мұхаммед бен Абдуллах Әл-Румахи де қатысты.

Бұл жерде сөз сөйлеген Чавушоғлұ Катармен болған екі жақты қарым-қатынастарды жоғарғы деңгейге көтергендерін және Сирияны қамтыған бірқатар тақырыпта көзқарастарының бірдей екенін айтты.

Катармен әрі екі жақты қарым-қатынастарда, әрі аймақтық мәселелерде, әр халықаралық салада қою ынтымақтастық ішінде екенін түсіндірген Чавушоғлұ «Сириядағы төгілген қан мен аққан көз жасының тоқтатылуы, гуманитарлық жәрдемдердің жеткізілуі, Иракта тұрақтылықтың қайтадан қалыпқа түсірілуі, сонымен қатар Ливия мен Йемен сынды көптеген мәселелердің шешілуі тақырыбында ортақ талпыныс көрсетудеміз» деді. 



Ұқсас жаңалықтар