Блинкен мәжілісті аралады

АҚШ Сыртқы істер министрінің орынбасары Анкарада.

578004
Блинкен мәжілісті аралады

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрінің орынбасары Антони Блинкен Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымның 15 шілде күнгі төңкеріс жасау әрекеті барысында мәжілістің бомбаланған жерлерін аралады.

Блинкен, АҚШ-тың Анкарадағы өкілетті елшісі Джон Басс және қасындағы делегацияны Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде Сыртқы қатынастар төрағасы Джемалеттин Түней қарсы алды.

Қарсы алудан кейін Блинкен мәжілістің бомбаланған жерлерін аралады.

Блинкен журналистердің сұрақтарына орай «Халық қалаулылары отырған жердің шабуылға ұшырауының өзі жеткілікті жағдай. Түрік демократиясына қолдау берген және төңкеріске қарсы шыққан азаматтарға құрметімізді білдіру үшін сапарымды осы жерден бастадым» деді.



Ұқсас жаңалықтар