Ердоған мен Путин телефонда сөйлесті

Президент Ердоған Ресей Президенті Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

568110
Ердоған мен Путин телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік қайнар көздерден алынған мағлұмат бойынша кездесуде екі жақты қарым-қатынастар және Сириядағы соңғы жаңалықтар қолға алынды.

Президент Ердоған кездесуде Сирияның Халеб қаласында атыстың тоқтатылудың маңыздылығына назар аударды.

Президент Ердоған мен Путин келе жатқан Құрбан айт себепті Халебте атысты тоқтату үшін Америка Құрама Штаттарымен кездесулер өткізгенін атап өтті.

Екі лидер атысты тоқтату талпыныстарының тездетілуі жөнінде келіскенін түсіндірді.

Евфрат қалқаны операциясының да қолға алынған кездесуде екі лидер Түркияның шекара аймағының баста ДАИШ болып террор ұйымынан тазалануының өте маңызды екенін білдірді.

Президент Ердоған кездесуде Жераблус және Әл Раи тұрғындарының Түркиядан еліне қайта бастағанын де тілге тиек етті.

Кездесуде Аккұйы атомдық станция және Түрік ағымы болып энергия секторындағы ынтымақтастығы, Ресей-Түркия арасындағы арзан бағадағы рейстердің басталуы сынды екі жақты мәселелер де қолға алынды.

Ердоған мен Путин қарым-қатынастардың қалыпқа түсуі, 8 тамызда Санк Петербург пен апта аяғында Қытайда өткізілген кездесуде келіскен тақырыптардың жүзеге асырылуына риза екенін де баяндады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар