Диярбакыр мен Бингөлдегі террор шабуылдарында 5 әскер шәйіт болды

ПКК террор ұйымы мүшелері жолға орналастырған бомбаны жарды.

558223
Диярбакыр мен Бингөлдегі террор шабуылдарында 5 әскер шәйіт болды

Диярбакырдың Лидже ауданында да ПКК-лық террористтермен шыққан қақтығыста 4, Бингөлдің Карлыова ауданында 1 барлығы 5 әскер шәйіт болды. Қақтығыстарда 8 әскер жарақат алды.

Диярбакырдың Лидже ауданына қарасты Абалы мен Тапанда аймақтары арасында  ПКК-лық террористтер граната атқыш және ұзақ атымды қарулармен шабуылдады.

Шабуылға дәл кезінде қарсылық берген әскерлердің 8-і жарақат алды. Жаралы әскерлер тікұшақпен Диярбакыр мемлекеттік ауруханасына жеткізілді.

Аймаққа қосымша жасақтар жіберілді.

ПКК-лық террористтердің көзін жою үшін Бингөлдің Карлыова ауданындағы Жехеннем (Тозақ) Ормандарына операция жасалды.

Террористтерді ұстау үшін әуеден қолдау берілген операция жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар