Чавушоғлу Ресейдің Спутник хабар агенттігіне сұхбат берді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресейсіз Сирияда шешімнің мүмкін емес екенін атап көрсетті.

554957
Чавушоғлу Ресейдің Спутник хабар агенттігіне сұхбат берді

Чавушоғлу Ресейдің Спутник хабар агенттігіне берген сұхбатында Ресейдің Түркия үшін аймақта дос бір ел екенін, Мәскеу әкімшілігінің Түркиядан сенімді бір дос таба алмайтынын білдірді.

Ресей мен Түркия ынтымақтастығының қалыпқа енуінің алдында «Ресеймен қарым-қатынастарыңызды жетілдіріңдер» деген елдердің жақындасудың артынан мазасызданғанына назар аударған Чавушоғлу «Өкінішке орай шынайысыздық ортада» деді.

Сирияда әскери шешімнің мүмкін емес екенін атап айтқан Чавушоғлу «Сол себепті саяси шешім үшін атысты тоқтату тақырыбында бірге қозғалуымыз қажет. Алдымен атысты тоқтатайық» деді.

Сирияның шекара тұтастығы тақырыбында Ресей мен Иранның Түркиямен ортақ көзқараста екенін атап айтқан Чавушоғлу Ресей үлес қоспағанда бұл тақырыптың шешімсіз қалатынын, тіпті Иранмен де бұл тақырыпта ынтымақтастықты күшейту керектігін атап айтты.

Чавушоғлу Ресеймен қорғаныс өнеркәсібі саласында ынтымақтастық жасай алатынын мәлімдеді.

Чавушоғлу Ресеймен қорғаныс өнеркәсібі саласында ынтымақтастық жасаған НАТО елдері бар екеніне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар