Иран Сыртқы істер министрі Анкарада

Министр "Сирия дағдарысының шешілуінде Иранмен бірге боламыз" деді.

550635
Иран Сыртқы істер министрі Анкарада

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сирия дағдарысының шешіліп,  бейбітшілік орнау үшін Иранмен жақын байланыста болатындарын айтты.

Чавушоғлу ресми сапармен Анкараға келген ирандық әріптесі Джевад Зарифпен оңаша кездескеннен кейін бірлескен баспасөз отырысын ұйымдастырды.

Осында түрік министр Тегеран әкімшілігімен Сирияның территория тұтастығы тақырыбында ойларының бір жерден шығатынын білдірді.

«Сирияда түбегейлі шешім үшін Иранның ролінің маңызды екенін Түркия басынан бері айтып келеді» деді ол.

Чавушоғлу «Террор ұйымдары PKK, PEJAK, PYD арасында айырмашылық жоқ.  Оларды Иран мен Түркияның қауіпсіздігіне қатер деп білеміз» деді.

Қонақ министр Зариф болса сөзін Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілде күнгі төңкеріс жасау әрекетін айыптай отырып бастады. Зариф: «Түрік халқын төңкерісшілердің алдындағы тойтарысы үшін құттықтаймын. Аймақ халықтарының осындай төңкерістерге,  демократиялық құқықтардың тартып алынуына рұқсат бермейтіндерін көрсетті. Иран халқы да түрік халқының жанында» деді.

Баспасөз отырысында электр, табиғи газ және энергия тақырыбында ынтымақтастыққа басымдық бергендерін білдірген Иран Сыртқы істер министрі терроризм мен сепаратизммен күресте де екі елдің бірдей ойда екенін атап көрсетті. «Түркияның қауіпсіздігін өз қауіпсіздігіміздей көреміз. Ешқашан түрік халқынан алыстамаймыз» деді.

Джевад Зария Түркия мен Ресейдің ынтымақтастығына да риза екенін білдірді.

Артынан журналистердің сұрақтарына жауап берген түрік Сыртқы істер министрі Чавушоғлу төңкеріс жасау әрекеті жөніндегі тергеу аясында қазір 32 дипломаттың қашып жүргенін айтты.

Министр сонымен бірге FETÖ басшысының қайтарылуына байланысты АҚШ Әділет министрлігінен бір делегацияның 23-24 тамыз күндері Түркияға келетінін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар