АҚШ айыптады

Америка Құрама Штаттары Түркияда болған лаңкестіктерді айыптады.

549522
АҚШ айыптады

Америка Құрама Штаттары Түркияда болған лаңкестіктерді айыптады.

Шырнак, Мардин және Диярбакырдағы террор шабуылдарына байланысты алғашқы мәлімдеме Ақ Үй Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінен келді. Кеңес баспасөз хатшысы Нед Прайс жазбаша мәлімдемесінде «АҚШ Түркияның оңтүстік шығысында болған лаңкестіктерді айыптайды» деп жазды.

Прайс лаңкестікті қаза тапқандар мен жақындарына дұға ететіндерін білдіріп, жарақат алғандарға жедел шипа тіледі.

Хатшы террор лаңкестіктері және 15 шілде күнгі қанды төңкеріс жасау әрекетіне душар болған Түркияның НАТО одақтасы екенін еске салып,  АҚШ-тың Түркияға деген қолдауының жалғасатынын айтты.

Түрік лауазым иелерімен жақын байланыста екендерін білдірген хатшы терроризммен күресте Түркиямен жұмыстануға уәделерін қайталады.

АҚШ Қорғаныс министрі Эштон Картер де түрік қауіпсіздік күштерін нысанаға алған опасыз шабуылды айыптады.


Этикеттер: #АҚШ , #лаңкестік

Ұқсас жаңалықтар