Жеңіс – демократияға сенетіндердікі

Митингте саяси партия басшылары мен Бас Штаб басшысы сөз сөйлеуде.

546983
Жеңіс – демократияға сенетіндердікі
demokrasi ve sehitler mitingi3.jpg
demokrasi ve sehitler mitingi2.jpg
demokrasi ve sehitler mitingi1.jpg

Стамбулдағы «Демократия және шәйіттер митингі» тарихи сәттерге куә болуда.

Таңертең ертеден бастап Йеникапы алаңына келген миллиондаған азаматтың шаттығы президент Режеп Тайып Ердоғанның келуімен шыңына шықты.

Премьер-министр, Әділет және даму партиясының басшысы Бинали Йылдырым,  Республика халық партиясы басшысы Кемал Кылычдароғлу мен Ұлтшыл қозғалыс партиясы басшысы Девлет Бахчелинің алаңда жиналған азаматтарға сәлем беру сәттері ұлттық бірлік сезімін нығайтты.

Шәйіттер үшін бір минут үнсіздіктен кейін Ұлттық ән ұран шырқалды. Артынан Дін істері басқармасы басшысы Мехмет Гөрмез төңкеріс жасау әрекетінде шәйіт болған 239 азамат үшін дұға оқыды.

Митингте бірінші сөз кезегі Ұлтшыл қозғалыс партиясы басшысы Девлет Бахчелиге берілді. «15 шілде күні жаңа тірілудің сүйіншісін бердіңіз» деген Бахчели Түркияның өз тағдырын қорғап қалуын мақтан тұтатынын айтты.

Бахчели 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетін жаңа бір басып алу сынағы деп атады. «Залымдар, империализмнің қолшоқпарлары бұл жолы түрік әскерінің киімін киіп келді.  Ғұлама және ұстаз секілді көрінетін бір террорист өлім ұйымына Түркияны атқылау бұйрығын берді» деді ол.

Бахчелиден кейін сөз кезегін алған Республика халық партиясы басшысы Кемал Кылычдароғлу бастан өткен осы үлкен бәледен барша саясатшылардың сабақ алуы керектігін айтты.

Заманауи, консенсус қамдалған Түркия үшін мешітте,  әскери қышлақта және сот органдарына саясат кірмеуі керектігін атап көрсеткен Кылычдароғлу «Не төңкеріс,  не хунта.  Жасасын демократия» деді.

Республиканы қорғаудың баршаның міндеті екенін айтқан Кылычдароғлу парламенттік жүйенің одан сайын нығаюы керектігін білдірді.

Кылычдароғлудан кейін сөз кезегін алған Бас штаб төрағасы, армия генералы Хулуси Акар «15 шілде күні Түрік Қарулы күштеріне дендеп енген бір топ террорист отан мен ұлтқа тарихта болмаған бір күн көрсетті,  оларға лайықты жауапты ұлттың өзі берді» деді.

Осы қанды қол жендеттердің Түрік Қарулы күштеріндегі қаһармандардан ажыратылуының орынды екенін білдірген Бас штаб төрағасы Түрік Қарулы күштерінің мемлекетті қорғау үшін міндетінің басында екенін атап көрсетті.

Акар сөздерін «Жеңіс – демократияға сенетіндердікі,  сіздердікі» деп аяқтады.



Ұқсас жаңалықтар