Грузия премьер-министр Анкарада болды

Премьер-министр Йылдырым Чанкая сарайында грузин әріптесі Георгий Квирикашвилиді қабылдады.

533202
Грузия премьер-министр Анкарада болды

Премьер-министр Бинали Йылдырым 15 шілде күнгі төңкеріс бастамасына байланысты ешбір елмен сыртқы және экономикалық қатынастарда проблема болмағанын айтты.

Премьер-министр Йылдырым Чанкая сарайында грузин әріптесі Георгий Квирикашвилиді қабылдады.

Екі жақты және делегация аралық кездесулерден кейін Түркия мен Грузия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі жиналысына басшылық жасаған Йылдырым мен Квирикашвили артынан баспасөз өкілдерінің алдына шықты.

Премьер-министр Йылдырым FETÖ–ның төңкеріс бастамасына байланысты демократия үшін жеңіспен аяқталған осы үдерісте көптеген дос елден, көрші және одақтас елдерден хабар келгенін,  Квирикашвилидің де оқиғадан кейін Тбилиси өкілетті елшілігімен сөйлескенін,  қолдау бергенін айтты.

Түркияда тұрмыстың қалпына келгенін білдірген Йылдырым «Әрі экономикалық көрсеткіштер,  әрі нарық,  әрі сауда еш үзілместен жалғасуда.  Осы оқиғаға байланысты ешбір елмен қатынастарымызда проблема болмады. Демократия тоқтамастан жалғасуда. Бұл дамыған демократияның, қалыпты саяси өмір мен мекемелердің сенім және тұрақтылықтағы Түркияның бір көрсеткіші» деді.

Бинали Йылдырым 15 шілде күні төңкеріс бастамасын жасағандарға, халыққа қару кезенген,  танкпен шабуылдаған,  әуеден бомба лақтырғандарға мейірім көрсетілмейтінін айтты.

Ауқымды тергеулердің құқық аясында жүргізілетінін білдірген премьер-министр «Әділет қажеттілікті орындайды» деді.

Премьер-министр Йылдырым төңкеріске қарсы шығып, алаңдарға шыққан азаматтарға да алғыс білдірді және «Осы төңкеріске кедергі жасаған шын қаһармандар – әзіз түрік ұлты. Танктың алдында халықтың күші жеңіп шықты» деді.

Грузия премьер-министр де оқиғаны айыптайтындарын білдіріп,  демократиялық әдіспен сайланған үкіметті қолдайтындарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар