Түркия Ауғанстандағы опасыз шабуылды айыптады

Сыртқы істер министрлігі Кабулдың батысында полиция қызметкерлеріне жасалған жанкешті шабуылды айыптады.

521639
Түркия Ауғанстандағы опасыз шабуылды айыптады

Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанның астанасы Кабулдың батысында білім алып жатқан полиция қызметкерлерін тасыған автобус нысанаға алынған жанкешті шабуылды айыптады.

Министрлік жасаған мәлімдемеде көпшілігі полиция қызметкері 40 полиция қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат алған оқиға орай Түркияның қатты қайғырғаны атап көрсетілді.

Террор шабуылының ең қатаң түрде айыпталғаны атап көрсетілген мәлімдемеде қаза тапқан жас полицияларға Алланың рақымшылығы, жаралыларға шипа тілегі жеткізілді. Ауған үкіметі мен қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтылды.

Мәлімдемеде «Түркия Ауғанстан үкіметінің террормен күресі мен Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату талпынысына толық қолдау береді. Және бауырлас ауған халқымен ынтымақтастығымыз мәңгі жалғасатынын қайталаймыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар