Еуроодақ министрі алғашқы сапарын Брюссельге ұйымдастырады

Министр Челик Түркияның Еуроодаққа толық мүшелік тақырыбында тұрақты екенін тағы бір рет қайталады.

501762
Еуроодақ министрі алғашқы сапарын Брюссельге ұйымдастырады

Еуроодақ министрі және Бас келіссөз жүргізуші Өмер Челик Түркияның Еуроодаққа толық мүшелікте тұрақты екенін тағы бір рет қайталады.

Челик твиттер арқылы жасаған мәлімдемеде «Аймақтық және жаһандық дағдарыстар күрделенген бір кезеңде Түркия-Еуроодақ ынтымақтастығы одан маңызды бола бастады. Бұл ынтымақтастықтардың жаңа табыстарға қол жеткізетіндей жалғастырылуы керек» деді.

Еуроодақ министрі ретінде алғашқы сапарын Брюссельге жасайтынын атап көрсеткен Челик Еуроодаққа толық мүшеліктің Түркияға маңызды стратегиялық мүмкіншіліктер ұсынғанын атап айтты.

Өмер Челик үкімет ретінде мықты реформа бағдарламаларын іске қосқандарын бірдей ұстанымды жалғастыратын күшке ие екендерін білдірді.

Мүшелік кезеңінде азаматтық қоғам ұйымдарының қолдауына назар аударған министр Челик «Түркия мен Еуроодақ арасында ең мықты көпірлерді азаматтық қоғам өкілдері арқылы құруды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар