Йылдырымды шетел басшылары құттықтады

Йылдырым орынсыз пайымдаулар жөнінде Германия Парламентіне үндеу тастады

500898
Йылдырымды шетел басшылары құттықтады

Йылдырымды шетел басшылары құттықтады

Йылдырым орынсыз пайымдаулар жөнінде Германия Парламентіне үндеу тастады

    Премьер-министр Бинали Йылдырым Германия Парламентіндегі орынсыз пайымдауларды мазасыздықпен қадағалап отырғанын білдірді.

        Германия премьер-министрі Ангела Меркель Бинали Йылдырымға телефон шалып, жаңа міндетімен құттықтады.

   Кездесуде 1915 жылғы оқиғалардың қырғын ретінде танылуы үшін Германия Парламентінде 2 маусым күні өтетін дауысқа салу да күн тәртіпке келді.

        Йылдырым орынсыз пайымдаулар жөнінде Германия Парламентін байсалды әрекет етуге шақырды.

   Премьер-министр Йылдырым Түркияның Еуропа Одағымен заңсыз босқын тақырыбында жасалған келісімде қолынан келгенін істегенін, алайда Еуропа Одағынан да бірдей сезгір әрекет күткенін баяндады.

        Палестина мемлекет басшысы Махмұд Аббас және Хамас саяси бюросы басшысы Шефи Халид те премьер-министрді телефон арқылы құттықтады.

       Премьер-министр Йылдырымды Қазақстан Президенті, Тунис премьер-министрі және Катар әмірі де құттықтады.

 



Ұқсас жаңалықтар