Стамбұлдың жеңіп алынуының 563-ші жылдығы тойланды

Мемлекет басшылары мерейтойдың қуанышын азаматтармен бөлісті.

500205
Стамбұлдың жеңіп алынуының 563-ші жылдығы тойланды

Президент Режеп Тайып Ердоған Йеникапы митинг алаңында «Қайта тірілу, қайта көтерілу» ұранымен ұйымдастырылған іс-шараларда маңызды жолдамалар жасады.

«Мықты Түркияны қаламағандарға қарсы әр қашан көзіміз ашық болуға тиістіміз» деген президент Сириядағы құрылымға берілген қолдауларға назар аударды.

«Сол жерде Ресей не істеп отыр? Сол жерде Иран не істеп отыр? Сол жерде ЙПГ террор ұйымының эмблемаларын таққан АҚШ әскерлері не істеп отыр?» деген Ердоған айтқан сөзінде аймақта мықты бір Түркияны ешкімнің қаламағанын, бірақ Түркия барлық осы ойындарды бұзу үшін әр салада өз дайындығын жүргізетінін атап көрсетті.

Түркияның өсуіне мазасызданғандардың нысаналарынан бастартпағандарын атап Ердоған осы үшін өз құндылығына ие шығып, көп жұмыстану керектігін атап көрсетті.

Мәжіліс төрағасы Исмаил Кахраман болса Фатих Сұлтан Мехметтің үлгі портретіне назар аударды.

Кахраман «Фатих Сұлтан Мехмет Хан 6 тіл білген, ғұлама, математик, садақ атуда ұста және ‘Авни’ лақабымен өлең жазған бір ақын. Тарихымыздың керемет саясат қайраткерлерінің бірі ретінде бүкіл әлемнің құрметтеуіне ие болған бір падишамыз» деді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым болса жеңістің ұлтқа қызмет ету екенін атап көрсетті.

Фатих Сұлтан Мехмет Ханның Стамбұлды жеңіп алу үшін кемелерін құрлықтан тасығанын атап айтқан Йылдырым өздерінің пойыздар мен көліктерді теңіздің астынан жүргізіп, Мармарай мен Еуразия жобаларымен екі құрлықтың басын қосқанын түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар