Террор ұйымы PKK әлсіреуде

Мардиннің Нусайбин ауданындағы операцияда тұйыққа тірелген террористтер топтық түрде беріліп жатыр.

498746
Террор ұйымы PKK әлсіреуде

Қауіпсіздік күштерінің ықпалды операцияларымен соққы жеген бөлшектеуші террор ұйымы PKK әлсіреуде.

Мардиннің Нусайбин ауданындағы операцияда тұйыққа тірелген террористтер топтық түрде беріліп жатыр.

Сәрсенбі күні 25 террорист, кеше 42 террорист берілді.

Олардың көбі әйелдер.

Топтық түрде берілген соңғы 42 террористтің төртеуінің ұйымның жастар қанатының жауаптылары екені анықталды.

Террор ұйымы ішінде Кандилдегі ауыз жүзіндегі лидер штатына сенім азайғаннан кейін, түрік әскерінің табанды ұстанымы да ұйымдағы ыдырауды жылдамдатты.

Бұдан бұрын берілген террористтердің бірі З.К: «Біз болғанда әскердің басынан атар едік,  ал әскер бізге адам секілді қимылдады» деген еді.

Басқа бір террорист: «Өкінемін.  Білгенде ұйымға қосылмас едім. Баррикада құрып бастадық.  Артынан бізге «соғысатын жастар керек» деді. Біз де кірдік» деді.

Басқа бір террорист болған өкінгенін мына сөздермен тілге тиек етті: «Өмірімде ештеңеден осыншама өкінбеп едім. Қате істедім»

Түрік Қарулы күштері мен қауіпсіздік жасақтары Шырнактың Силопи және Джизре аудандары, Диярбакырдың Сур және Хаккаридің Юксекова аудандарынан кейін Мардиннің Нусайбин ауданын да террористтерден тазалады.

Операциялар басталған 23 шілде күнінен бері ел ішінде және Ирактың солтүстігіндегі операцияларда 7 мың 78 террорист өлтірілді. 73 күннен бері жалғасып жатқан операцияларда Шырнак орталығының 96 пайызы,  Нусайбин ауданының 81 пайызы террористтерден тазаланды.



Ұқсас жаңалықтар